НАО "Телерадиокомплекс Президента РК" г.Астана, ул. Бейбiтшілік, 4    8 (7172) 75-21-07     trk_2012@list.ru

Қопарғыш жабдыққа ұқсас зат табылған жағдайда іс-қимыл тәртібі:

Күмән туғызатын заттар табылған жағдайда (қолдорбалар, пакеттер, кейстер, қораптар және т.б.) полицияға және диспетчерге хабарлау керек.

 

Мүмкін болатын жарылыстан қорғану мақсатында рұқсат етілмейді:

Күдікті заттарды ұстауға және олардың орнын ауыстыруға.

Құқық қорғау органдарына күдікті заттың табылуы туралы толық және сенімді ақпаратты шұғыл түрде хабарлау керек.

 

Дайындалып жатқан жарылыс туралы хабар алған жағдайда іс-қимыл тәртібі:

Жұмысты шұғыл түрде тоқтату керек. Келушілерді және қызметкерлерді эвакуациялау бойынша шараларды мүмкіншілігіне қарай қолдану керек, мүлікті, қызметтік құжаттарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялауға дайындау керек. Тікелей және жоғары тұрған басшыға хабарлап, басқа қызметкерлерді құлақтандыру керек.

 

Террорлық әрекет қауіпі туралы телефон арқылы хабрланған жағдайда іс-қимыл тәртібі:

Ұстамды және сыпайы болу керек, сөлеушінің сөзін бөлмеу керек.

Бұл қауіп туралы өзінің әріптесіне бірден хабарлауға тырысу қажет; келіп түскен қауіп туралы құқық қорғау органдарына мүмкіндігінше басқа аппарат арқылы хабаралу керек. Қауіп түскен телефон нөмірін анықтау үшін әңгіме аяқталғаннан кейін телефон тұтқасын тастамаңыз.

 

Жазбаша түрдегі қауіп түскен жағдайда іс-қимыл тәртібі:

Жазбаша түрдегі қауіптер сізге пошта арқылы және анонимдік материалдарда (хаттарда, дискеттердегі ақпаратта және т.б.) келіп түсуі мүмкін. Осындай құжат келіп түскеннен кейін оны барынша байқап ұстаңыз. Оның үстінде саусақтарыңыздың ізін қалдырмауға тырысыңыз, үстіне белгі қоймаңыз.

 

ШҰҒЫЛ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

110 – ҚР Терроризмге қарсы орталығы

112 – Құтқару қызметі

101 – Өрт күзеті

102 – Полиция

103 – Жедел жәрдем