НАО "Телерадиокомплекс Президента РК" г.Астана, ул. Бейбiтшілік, 4    8 (7172) 75-21-07     trk_2012@list.ru

 Жазушы. Қазақстанның  Мәдениет қайраткері. Баубек  Бұлқышев атындағы  сыйлықтың  лауреаты. Журналистика ардагері. Ондаған кітаптардың авторы. Қазақ  тіліне  орыстың ақын, жазушылары -  Пушкиннің, Есениннің, Баратынскийдің, Белов пен Распутиннің, адмирал Красновтың повесті мен француз жазушысы  Анри Камидің "Үш ноянның  жалғыз  ұлы" романы мен  әзірбайжан қаламгері Джаваншир  Фейзиевтің "Түркі мемлекеттерінің одағы" атты еңбегін аударған.

 

Смағұл Рахымбек

Мұраттары  биік  ұжым

    Мемлекет  Басшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың тәуелсіз  Отанымызды   өркендету мен  кемелдендіре түсу  жолындағы ерен еңбектерін  және  Қазақстан  Үкіметінің  де  қызметтерін  аудиобейне  ақпараттар  тарату  арқылы насихаттаумен айналысатын  Қазақстан Республикасы Президентінің  Телерадиокешенінінің  құрылғанына   20  жыл толғалы отыр. 1996  жылдың    29  желтоқсанында  Үкіметтің номері  1671 –ші қаулысымен  құрылған   бұл  шығармашылық  үжым  телепублицистика   саласының  барша  жанрларын   жете иегерген  және  деректі фильмдер  жасауға шеберленген   білікті мамандардың  ортасы.

    Бір кездері  Махат Садық, Бауыржан Айтқожин, Бақыт  Ғафу, Айбек Юсуп секілді   елге аттары  кеңінен мәлім  тәжірибелі  қаламгерлер  басқарған  ұжымға  бүгінде  атақты  қаламгер, көсемсөзші Ерлан Халижанұлы Бекхожин  жетекшілік етуде. Телрадиокешен  осы  жылдар  белестерінде  кемелдену мен    толысу жолдарынан өтті. Ұжымда  бұған  дейін  ірі газет, журналдарды  басқарған   Күлзада  Қамарова, Болатбек  Бәймешев  сынды  шығармашыл, қаламдары  жүйрік   журналисттер еңбек етуде. Мен  де  осы  ұжымда  талай  жылдар  жемісті  жұмыстар жасап,  зейнетке  құрметпен  шықтым. 200-ден астам  деректі  фильмдер  жасап,   көрермендердің  шын ықыласы мен  зор құрметіне  бөленген    ұжымға  Елбасының  өзі  құрметпен, сеніммен  қарап отыр. Телерадиокешеннің «Назарбаев феномені» атты деректі фильмі  Мәскеуде   өткен ХІІІ Еуразиялық  форумда лауреат атанған болатын. Кешеннің  бас  директоры  Ерлан Халижанұлы  Бекхожин «Жалпы еуразиялық  мәдени-ақпараттық кеңістікті  құрудағы  қосқан үлестері  үшін»  арнайы  дипломымен  марапатталып, ТМД елдері мен Еуразия   аймағындағы  ең озат әрі  шебер   публицист атағын  жеңіп алғаны есімізде. Бір атап  өтерлігі -  Ерлан  Халижанұлы  Бекхожин  басшылығына келгелі  бері  Телерадиокешен    шығармашылық жағынан, әсіресе телевизиялық  публицистика  тұрғысынан  өсіп,  әлемдік  деңгейлерге көтерілді. Ұжымның  шеберлігі  де артып,  көрермендер құрметіне  бөлене бастады. 

    Абырой биігі Алатаудай биіктей берсін, достар!